USD
USD
USD

Мүмкіндігі шектеулі балаларды суда емдеу тәсілі қолдануда

Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында гидрокинезотерапия яғни, суда емдеу тәсілі қолданылуда.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды суда емдеу тәсілі қолдануда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Білікті дәрігерлердің нұсқауы және бақылауымен тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балалар бұл емдік терапия түрін аптасына 3 рет 15-20 минут көлемінде қабылдауда.

Гидрокинезотерапия -бұл бұлшық еттің босаңсуына, рефлекстік қоздырғыш және бұлшық еттің спазмын төмендетуге, сал ауруларында қозғалыс көлемін ұлғайтуға жағдай жасайды. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының жалпы тонусы жоғарылайды.

- Балаларды жас ерекшеліктері мен жалпы жадайларын ескере отырып, арнайы топтарға орналастырамыз. Санитарлық-гигеналық талаптарға сәйкес, шаштараз, монша, кір жуатын арнайы бөлмелер қарастырылған. Стационар жағдайында балалар 5 мезгіл ыстық рационалдық тамақпен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген көмектің нәтижесінде балалардың қарапайым тұрмыстық дағдылары қалыптасып, өзіне-өзі күтім көрсете алатын дәрежеге жеткендері бар. Мәселен, 40 –тан астам бала соңғы 3 жылда ата-ана қамқорлығына оның ішінде, біраз балаларымыз оң өзгеріске ие болып, отбасыларына оралды,-дейді орталықтың директоры Камилла Ауанасова.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 орталықта жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 135 бала тәулік бойы тұрақты стационар жағдайында және 95 балаға жартылай стационарда емдік оңалту шараларын қабылдауда. Орталықта медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек