USD
USD
USD

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн түрде қызметтің 55 түрін алады

Шымкентте жыл басынан бері әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн түрде қызметтің 55 түрін алады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінде әлеуметтік портал арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызметтің 55 түрін онлайн түрде алуға мүмкіндігі бар.

Осы орайда, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйде отырып, әлеуметтік портал арқылы құжаттарды рәсімдеуді, EGOV-қа кіріп бронь жасауды, тіркелуді және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелеріне кіріп, қолдануды үйретуде.

Айта кетейік, көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Оңалту құралдары протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен сондай-ақ, кресло-арбалар беру қарастырылған. Берілген тапсырыс бойынша оңалту техникалық құралдары үйге дейін жеткізіліп беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек