USD
USD
USD

Мұқтаж оқушыларға 23 мың компьютер үлестіріледі  

   Ақмола облысының қоғам белсенділері мұқтаж оқушыларға 23 мың компьютерді үйлестіруді бақылауға алды, деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Мұқтаж оқушыларға 23 мың компьютер үлестіріледі  
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында өңірдегі оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық білім басқармасына 23 мың бірлік дербес компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаражы бөлінген. Компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылды, оған департамент қызметкерлері мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары енді.

«Комиссияның уақытылы және тиісті жұмысының арқасында бөлінген бюджет қаражатының 20 пайызы, яғни 600 миллион теңгеден астамы үнемделді. Бұл қосымша компьютер жабдықтарын сатып алуға және мұқтаж оқушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жақында ғана біз қоғам өкілдерімен бірлесіп, қалалық білім бөліміне 200-ге жуық дана компьютердің бірінші партиясын алуға қатысты», – дейді Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев. Айта кету керек, компьютерлік техника қашықтықтан оқыту кезінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға уақытша пайдалануға беруге арналған. «Бұдан әрі қандай да бір ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мектеп оқушылары арасында келіп түсетін компьютерлік техниканың мақсатты бөлінуіне мониторинг жүргізілетін болады. Бұл мәселе Антикордың да, жұртшылық өкілдерінің де бақылауына алынды», – деп атап өтті ведомство басшысы.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері