USD
USD
USD

Мұқасан Шахзадаев әріптесіне өкпелі

Отандық эстрада сахнасында өзіндік орны бар қос әнші Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қонысбаевтан құралған «Нұр-Мұқасан» дуэті 1990 жылдардан бастап қалың тыңдарманның жүрегінен орын алған.

Мұқасан Шахзадаев әріптесіне өкпелі
Фото: NEGE.kz



Алматы, NEGE. Осыдан үш жыл бұрын танымал дуэт өнердегі жұмысын тоқтатып, топтың солистері шығармашылықтарын жеке дара жалғастыра бастады. Алайда, айтулы топтың тарауына не себеп болғанын екі тарап та ашып айтпаған еді. Отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасанның» тарауына түрткі болған жағдайды тілге тиек етіп, алғаш рет топтың ресми тарағанын жеткізді.

«Шын айтқанда, Нұрлан екеуміздің арамызда ақшаға қатысты бір әңгіме болған. Бірақ, мен оның бәріне көзімді жұмғанмын. Мен үшін ең бастысы, көңіл», – деген Мұқасан мырза, өнердегі әріптесі екеуінің арасында туған мәселеге аңдаусыз айтылған сөздің әсері болғанын айтады.

«Жүрегімде дақ бар. Оның менің әкеме тіл тигізген сөздері бар. Мен сол сөзге бола, шын айтсам, қатты ренжідім. Ал ақша мен дүниенің бұл мәселеге еш қатысы жоқ. Әкеме менің көзімше емес, басқа біреулердің
көзінше тіл тигізген», – дейді. Әншінің айтуына қарағанда қос өнер иесі мүлде араласпайтын көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы