USD
USD
USD

Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогерге қатысты іс тоқтатылды

Алматыда Наурызбай аудандық сотында ақын Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогер Әлішер Теменовке қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогер
Фото: Orda.kz

Алматы, NEGE. Теменовке Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айып тағылған болатын. Бұл істі судья Бейнекүл Қайсина қарады.

16 маусымда өткен сот отырысында жәбірленуші Жұлдыз Мақатаев айыпталушыны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады. Ол блогерден моральдық шығын ретінде он миллион теңге талап еткен.

Сотта Теменов «екі жақ келісімге келгенін» айтты.

«Кінәмді толық мойындаймын және кешірім сұраймын. Екі жақ келісімге келдік, сол себепті істі қысқартуды сұраймын. Қазір көлігімде екі миллион теңге бар. Қалған бір миллионды он күннен кейін әкеліп беремін. Оған дейін көлігімнің кілтін қалдырып кетемін. Қалған ақшаны берген соң көлігімді қайта аламын», – деді ол.

Судья шешім шығару үшін залдан шығып кеткен сәтте блогер екі миллион теңгені қолма-қол беріп, көлігінің кілтін де жәбірленушіге тапсырған.

Сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатып, Теменовті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Азаматтық талап та тоқтатылды. Бірақ, сот оның «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды.

Сонымен қатар, блогер Теменов өзінің әлеуметтің желіде ақынды балағаттағаны үшін күллі халықтан кешірім сұрап бейнежазба жариялауға уәде етті.

Еске салар болсақ блогердің үстінен Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсірген еді. Былтыр 8 қазанда блогер Әлішер Теменов әлеуметтік желіде Мұқағали Мақатаевты балағат сөздермен бейнежазба жариялады. Ақынның ұлы моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге сұраған болатын.

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі