USD
USD
USD

Мұхтар Тілеуберді Зюгановтың мәлімдемесі жайлы айтты

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді.

Мұхтар Тілеуберді Зюгановтың мәлімдемесі жайлы айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танылған. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіпті қайшы келетін сол немесе басқа пікірді ұстанады.

Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды», – деді Тілеуберді үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Ол Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының із басышусы және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін айтты.

«Назарыңызды бұл видео 2 ай өткен соң пайда болғанына аударғым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек.

Белгілі біреулер мен арандатушылықтарға қарсы әрекетті өздеріңіз, журналистер ескеруі керек екенін түсінуіңіз керек. Сіздер бұл видео неге бұрын емес, қазір шыққанын анықтауыңыз керек. Оны кім жариялады және т.б», – деп қосты министр.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян