USD
USD
USD

«Мұхтар ТАЙЖАН істі болуы мүмкін»

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әңгіме М.Тайжан мен кәсіпкер М.Сейсембаевтың арасындағы дау туралы болып отыр. Бұл туралы

«Мұхтар ТАЙЖАН істі болуы мүмкін»
Фото: NEGE.kz

«ДИКАЯ АЗИЯ» телеграм каналы жазды.

Алматы, NEGE. М.Тайжанды заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін және салық төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуы әбден мүмкін. Бұл туралы «ДИКАЯ АЗИЯ» телеграм каналы жазды.

Коллаж: ғаламтордан

Естеріңізде болса, 2016 жылы М.Тайжан М.Сейсембаевтан «бизнесімді дамытамын» деп 332 мың АҚШ долларын (148 млн теңге) алған. Бірақ белсенді бұл келісімшарт туралы салық декларациясында көрсетпеген және табысынан салық төлемеген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 244-бабы бойынша (салық төлеуден жалтару) енді Мұхтар Тайжан 3 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Бұдан бөлек, М.Тайжанға тиесілі бірнеше фирма соңғы 10 жылда салық төлемегені әшкере болған көрінеді.

«М.Тайжан әлгі қыруар қаржыны «бизнесімді дамытамын» деп алғанымен, оны жеке мұқтаждығына жұмсаған» деген де сөз бар. Өйткені дәл сол жылдары М.Тайжанның ұлы АҚШ-тың және ұлыбританияның беделді әрі қымбат оқу орындарында оқып жүрген. М.Тайжанның өзі сұхбаттарының бірінде ұлының оқуына 700 мың доллар жұмсағанын айтады.

Бизнеске деп алған ақшаны басқа мақсатқа жұмсағанында заңсыз кәсіпкерлік белгілері бар. Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша мұндай қылмыс жасағандар үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу қарастырылған. 

«Осылайша өзін «қоғам белсендісі» ретінде көрсетіп жүрген Мұхтар Тайжанға заңға қарсы әрекеттері үшін бес жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр», – деп жазды телеграм-канал.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе