8 Шілде 16:06
...

Мұхтар Шаханов өкпесі қабынып ауруханаға түсті

Фото:

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өкпесі қабынып, ауруханада жатыр. 

Aлматы, NEGE. Бұл туралы ақынның көмекшісі Құдияр Біләл фейсбук парақшасында хабарлады. 

«Мұхтар Шаханов ағам да екі өкпесі қабынып, «Қалқаманда» жатыр. Бүгін шамалы беті бері қарады. Дұғада болыңыздар!», - деген жазба жариялаған.

Ақынның қазіргі жағдайын білмекке Nege.kz тілшісі Құдияр Біләлға хабарласып, ақынның жағдайын сұраған болатын.

«Мұхтар ағаның жағдайы жақсы. 2 шілде туған күні болған еді. Туған күнін шағын етіп, ұжымда атап өткенбіз. Сол кезде көңіл-күйі жоқ, мазасы болмай отырды. Кешкісін жедел-жәрдем шақырып, денсаулығын тексерттік. «Екі өкпесі де қабынған» деген диагноз қойды. Қалқамандағы ауруханаға жеткізді. Қазір ем қабылдап жатыр. Денсаулығы жаман емес», - деп жауап берді Құдияр Біләл.

Бүгін жағдайы біраз жақсарған, тіпті «ауруханада жата бермей, үйге шықсам" деген екен. Алайда үйде система салып, денсаулығын толық бақылауға мүмкіндік жоқ екенін айтады.

«Қазір дәрігерлердің бақылауында, әзірге ауруханада ем алады. Бірақ ол жерде біраз мазасызданып отыр. Ауруханада қатты ауырып жатқандар көп, дәрігерлердің өзі қауырт жұмыс істеп жатыр. Ешкімді кіргізбейді, ешқайда шығармайды. Телефонмен байланысып отырмыз. Денсаулығы толық бақылауда", - деп жауап берді Құдияр Біләл. 

Құдияр Біләлдің айтуынша, Мұхтар Шаханов бір-екі күннің ішінде үйге шығады. 

Тегтер: