USD
USD
USD

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мұхтар Тілеуберді
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігін 2019 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы сәуір аралығында басқарған.

Ол 1968 жылғы 30 маусымда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастаған.

Әр жылдары сыртқы істер вице-министрі, Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды. 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней Даруссалам және Филиппин Республикасындағы елші қызметін қоса атқарды.

Сондай-ақ Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы, Лихтенштейн княздігі мен Ватикан мемлекетіндегі елшісі болды.

Кейін Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстанның Аустриядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы сәуір аралығында ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және корей тілдерін меңгерген.

Мұхтар Тілеуберді 2025 жылы қыркүйекте сыртқы істер министрі болып тағайындалған Ермек Көшербаевтың орнына келді.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум