USD
USD
USD

Мұхтар Әблязовтың анасы қайтыс болды

Бұл туралы Мұхтар Әблязов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Мұхтар Әблязовтың ата-анасы
Фото: әлеуметтік желі парақшасынан

Алматы, NEGE. Мұхтар Әблязовтың анасы 85 жасында дүниеден өтті.

«Мен 2009 жылдың 29 қаңтарында елден кеттім. Ал менің ата-анам Қазақстаннан сәл кейінірек кетті. Содан бері оларды көрген жоқпын.

Мен 2009 жылы 2 ақпанда Назарбаев БТА банкімді тартып алып жатқан кездің алдында кеткенмін. Менің ата-анам мен жақын туыстарым Назарбаев оларды маған қарсы күресте пайдаланбауы үшін Қазақстаннан кетіп қалды. Кейінірек, 2013 жылдың маусым айында ол менің режимге қарсы күрестен бас тартуым үшін әйелім мен 6 жасар қызымды ұрлап әкетті. Тек 2012 жылы басқа елдер арқылы менің ата-анам Америкаға келіп, сіңліммен бірге тұрып, бақылау мен қудалауға ұшырады.

Анам бұрынғы Талдықорған ауданы, Екпенді ауылынан. Қыпшақ руынан шыққын мықты, намысқой адам. Ол бүгін түнде 85 жасында қайтыс болды. Әпкем өлерінен бірнеше күн бұрын «Мұхтаржан, балам...» деп менің атымды атаған видеосын жіберіпті. Мен 14 жасымда тұмаумен ауырдым. Есімді білмей, қатты ұйықтап жаттым, көзімді ашқанда, неге екені белгісіз, ол әрқашан қасымда болатын. Әрі оның «Мұхтаржан, балам...» деген сөзін естіп жаттым. Өмірі Қазақстанда өткен Екпенді ауылының қызы Америкада мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша жерленеді. Әзірге менің отбасым үшін Қазақстанда орын жоқ. Өлгеннен кейін де», - деп жазды Әблязов.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов