USD
USD
USD

Мұхаммед-Әли Қанатбек үздік университеттерге шақырту алды

Алматы қаласының 12-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Бұлар әлемдегі үздік оқу орындарының қатырана кіреді.

Мұхаммед-Әли Қанатбек үздік университеттерге шақырту алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұхаммед-Әли Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика-математика бағытында білім алып жатыр.

Ол ұлыбританиялық Колумбия университетінің (әлемде 34-орын) Karen Mckellininternational Leaders of Tomorrow (KMILOT) Award стипендиясының 33 иегерінің бірі атанды.

Профессорлардың үздік құрамы, жұмысқа орналасудың жоғары деңгейі, жеке жобаларды дамыту әлеуеті – осының бәрі Ұлыбританиялық Колумбия университетінде жасалған жағдай. Сондықтан зияткер дәл осы университетте оқуға шешім қабылдаған. Оқу қыркүйекте офлайн форматта басталады.

«Оканагандағы кампусты таңдау себебім – «бизнес және менеджмент» мамандығы сәйкес келді. Одан бөлек, профессорлармен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Оқуға түсуде кәсіби бағдар берген Бағжан Азаматқызы үлкен роль атқарды, сол үшін оған алғысым шексіз.Егер дайындықты алдын ала, 2-3 жыл бұрын бастамасаңыз, онда тұрған ештеңе жоқ. Бастысы - ниет пен ұмтылыс. Сонымен қатар, егер бағаларыңыз нашар болса, оқуға түсу мүмкін емес деп ойламаңыз», – деді Мұхаммед-Әли.

Мұхаммед-Әлидің білім саласында көптеген жетістіктері бар: ол 2019 жылы Гарвард математикалық олимпиадасында (HMMT) қазақстандықтар арасында бірінші орынды жеңіп алды, Oracle Kazakhstan-да тағылымдамадан өтті, 2000+ адамға арналған өзінің халықаралық бизнес-инкубаторы бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy