USD
USD
USD

«Мүгедектігі бар қызды зорламақ болды»: Алматыда шетел азаматы ұсталды

Анна Муленкова есімді тұрғын әлеуметтік желіде 17 жастағы мүгедектігі бар қызын Үндістаннан келген студент үйінің маңында зорламақ болғанын жазды.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, бұл жағдай төрт күн бұрын болған.

«Сол күні кешкі сағат жетілер шамасында емтиханнан кейін үйге қайтып келе жатқан. Бала жазылмас дертке шалдыққан, паллиативтік күтімде. Ол – кішкентай, нәзік, әлсіз қыз. Сол күні сырқаттанып қалуыма байланысты оны жолдан күтіп ала алмадым. Ол қорыққанынан айғайлай алмаған.

Қазір маған елшілік пен полиция тарапынан қысым жасалып жатыр: олар ақша үшін ауыр дертке шалдыққан қызымның ар-намысын сатып, істі жабуды ұсынып отыр. Әзірге жай-жапсарын жариялай алмаймын», – деп мәлімдеді қыздың анасы.

Ол шетел азаматының әрекетінен басқа да әйелдер зардап шеккенін айтып, жақсы қорғаушы табу үшін оқырмандарынан көмек сұраған.

Жәбірленуші тараптың арызы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері аталған ер адамды анықтап, ұстады», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер тексеру қорытындысынан кейін заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров