USD
USD
USD

Мұғалімнің өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша тергеу басталды

Құзырлы органдар С.Зиманов атындағы № 37 орта мектеп мұғалімінің өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 

Өзіне-өзі қол жұмсау
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, осыған дейін мектепте ұжым мен директор Айнагүл Бөлекова арасында жанжал шыққан.

Бұған директордың оқу ісі жөніндегі екі орынбасарының жұмыстан босатылғаны туралы хабарлама себеп болды. Осыған байланысты Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мектеп ұжымымен жиын өткізіп, ұстаздардың уәжін тыңдаған.

Жиын қорытындысы бойынша қалалық басқарма мектеп басшылығына заңсыз жұмыстан шығаруға жол берілмейтінін қатаң тапсырды. Директор Бөлековаға ұжымдағы педагогикалық-психологиялық жағдайды тұрақтандыру және қызметкерлердің жұмыс орнын сақтау талабымен хаттамалық бұйрық жіберді.

Мектеп мұғалімінің өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқиғасы бұрынғы жанжалмен байланысты деген болжам бар. Тергеуден кейін директор, мұғалімдердің айтуынша, қызметкерлерге қысым көрсете бастаған.

Қудалаудың соңғы құрбаны болған ағылшын тілі мұғалімі соңғы ұстаздық кеңестен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасуда. Ведомство жағдайды зерттеп, қажетті тексерулер жүргізу үшін арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.

«Заң бұзушылықтар анықталса, заң аясында шара қолданылады. Мұғалімдердің жұмыс орнын сақтау мәселесі қатаң бақылауда», – деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Жиын барысында қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің бірі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жадыра Мұратованы алаяқтық жасады деп айыптаған. Айыптаушының айтуынша, оған бір ер адам келіп, Мұратова туралы мәлімет айтқан.

Жәбірленушінің әріптестері оны қорғауға тырысып, талқылауды тоқтатуды талап етті, бірақ мектеп директоры процесті жалғастыруға рұқсат берген.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.