Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді

 Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді.

Мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе артады. Бірінші өсім 2020 жылдың 1 қаңтарында болды. Бұл шарамен мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, колледждер, қосымша білім беру жүйесі қамтылды. 2021 жылдың нақтыланған бюджеті аясында Алматы мұғалімдерінің жалақысын 25% көтеру үшін республикалық бюджеттен 30,8 млрд теңге бөлінді. Мегаполистегі мемлекеттік мекемелер – мектептер мен колледждерде, балабақшалар мен интернаттарда, мектептен тыс ұйымдарда 32 мың педагог қызметкер жұмыс істейді.

Бұлардан өзге, сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар қарастырылған. Айта кетерлігі, бұрындары магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу болмаған, бірінші рет енгізіліп отыр. Ал бұрынннан бар сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексерудің қосымша ақысы екі есе өсуде. Еске салсақ, Алматы әкімдігі мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін ынталандыру үшін қаржы бөлуді қарастырған еді. Осыған орай, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ұсынысы бойынша «Үздік педагог», «Үздік педагогикалық ұжым» байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді. 

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.