USD
USD
USD

Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма?

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова онлайн брифингте қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы қалай болатынын түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Оның айтуынша, қашықтықтан білім беру кезінде мұғалім аз жұмыс істемейді. "Қашықтан білім беру жағдайында мұғалім жұмысты көп істемесе, аз істеп тұрған жоқ. Себебі, осыған дейін бір сыныптың ішінде оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастырған болса, қашықтан оқыту кезінде әр оқушымен жеке жұмыс істеп отыр. Осыған сәйкес, оқытушының жұмысы азайған жоқ. Сондықтан сіздердің жалақыларыңыз толықтай сақталады", - деді білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова. Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланды. Оған сәйкес оқушылар көктемгі демалысқа мерзімінен бұрын шығып, студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінде оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді. Алайда, елдегі коронавирусқа байланысты жағдайдың келешегін болжау қиын – егер күтпеген жайттар туындаса, оқу жылы ұзартылуы да мүмкін. Дегенмен, ведомство басшысы әзірге мұндай жоспарлар жоқ екенін кесіп айтты. Сонымен қатар, министр биыл коронавирусқа байланысты ҰБТ кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк