USD
USD
USD

Мұғалімдердің демалыс күндері еркінен тыс іс-шараларға қатысуы заңды ма?

Мұғалімдердің мерекеге, мейрамға орай берілген демалысында мектептің талабы бойынша мерекелік іс-шараларға (флэшмоб, жиындарға) қатысуы заңды ма? Егер мұғалім демалыс күнінде ондай жиындарға қатысудан бас тартса мектеп әкімшілігі ескерту жасай ала ма? Мұндай жағдайда мұғалім нені ескеруі керек?

Мұғалімдердің демалыс күндері еркінен тыс іс-шараларға қатысуы заңды ма?
Фото: NEGE.kz

NEGE тілшісі жолдаған сауалға Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани БЕЙСЕМБАЕВ жауап берді. 

«Сіздің сұрағыңыз Еңбек кодексінде реттелген. Тек қана педагог емес, әр азамат өзінің демалыс уақытында демалуға құқылы. Егер мекеме оны ресми қызметке шақыратын болса, оған сол күнгі ақысын төлеуге міндетті. Егер қызметкер өз ниетімен, өз еркімен жұмысқа шықса ол басқа әңгіме. Кез келген қызметкер жұмыстан тыс уақытта демалуға құқылы», - деп жауап берді министр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.