USD
USD
USD

Мұғалімдер жыл соңына дейін ағылшын тілі курсынан өтеді

Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова мұғалімдер ағылшын тілі курсынан өтіп жатқанын айтты.

Мұғалімдер жыл соңына дейін ағылшын тілі курсынан өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ол «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының педагогтарды үздіксіз кәсіби дамыту жұмысы бойынша ақпарат берді.

– Жоспарланған мемлекеттік тапсырыстың 84%-і біліктілікті арттыру курстарында оқытылды. Бұл – 5 жылда бір рет дәстүрлі түрде өткізілетін 80 сағаттық курстар бойынша көрсеткіш. Жыл соңына дейін 5 702 педагогты оқытуды жоспарлап отырмыз. Өрлеу жұмысының негізгі бағыты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына байланысты. Себебі орталық аппаратың ішінде халықаралық ұйымдармен, серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік бар, — деді Әсел Мұхаметжанова.

Сонымен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басшысы мұғалімдердің ағылшын тілі курсынан өтіп жатқанын айтты.

– Қазір біздің міндеттеріміздің бірі – ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру. Себебі педагогтердің тілді меңгеру деңгейіндегі проблемаларды көріп отырмыз. Қандай тәсілдер арқылы оларды қолдау қажеттігін түсінеміз. Британ кеңесімен оқыту бағдарламасы сәтті іске қосылды. Бұл курс 25 желтоқсанға дейін өткізіледі. Бұл курс педагогтардың ел ішіндегі және 5 Посткеңестік елдердегі әріптестерімен өзара байланысу үшін кең мүмкіндіктер ашады, — деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер