USD
USD
USD

Мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты

Францияда мұғалімдер жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар мектептерде санитарлық шараларды күшейтуді талап етіп отыр. Локдаунға қарамастан, елдегі ірі қалалардың көбінде наразылық шерулері өтті. Бой көтеруге ұстаздар мен оқушылар арасында коронавирусты жұқтырудың жиілеп кетуі себеп. Қазіргі ережелер бойынша жасы алтыдан асқан балалар маска тағып жүруі тиіс.

Мектептердегі бөлмелерді мұқият тазартып, күніне бірнеше рет желдетіп тұрады. Алайда мұғалімдердің пікірінше, бұл шаралар жеткіліксіз. Осы аптадан бастап жоғары сынып оқушыларына жаңа кесте енгізіледі. Жарты апта мектепте, ал қалған уақытын үйлерінде қашықтан оқитын болды. Ұстаздар оқушылардың барлығын осы жүйеге ауыстыруды талап етіп отыр. Билік өкілдері мектеп қызметкерлерін тестілеуді күшейтуге уәде берсе де, оқу кестесін өзгерткісі келмейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy