Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

Ақмола облысында 12 педагогтың ауылдық жерлерде жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды.

Мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мұғалімдер математика, қазақ тілдері пәндерінен сабақ беріп келген.

«Мәселен, 2020 жылдың 16 қазанында полиция қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінде тұратын 31 жастағы әйелдің жалпы білім беретін мектепке педагог ретінде жұмысқа орналасуы үшін аудандық білім бөліміне жоғары білім жөнінде жалған диплом бергенін анықтады. «Жалған педагогтың үстінен Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі («Жалған құжат, штамп, мөр, бланк, пошта төлемінің мемлекеттік белгісі, мемлекеттік награда жасау және сату») бойынша іс қозғалды. Күдікті қылмысын мойындады. Ол дипломның жалған екенін білген және оны сатып алу үшін қыруар ақша төлеген», – деді ведомстводан.

Айта кетейік, дипломы жалған болып шыққан мұғалімдердің барлығы 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі

Тоқаев көрнекті ғалым Тұрсын Жұртбайды I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев, Жұртбай

Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті: полиция қылмыстық іс қозғады

қылмыстық іс

Астанадағы басты көпірдің қозғалысы бір аптаға шектеледі

Арқар көпірі