USD
USD
USD

Мұғалімдер шаршайды: Аймағамбетов ұстаздардың жұмысы жеңілдейтінін мәлімдеді

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылған болатын. Бүгін Республикалық Тамыз конференциясына қатысқан Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын ұзарту арқылы білім саласындағы бірқатар мәселені шешуге болатынын айтты.

Мұғалімдер шаршайды: Аймағамбетов ұстаздардың жұмысы жеңілдейтінін мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "25 мамыр – 31 мамыр. Былай қарағанда, санаулы күндер. Алайда бұл санаулы күндер қандай мәселені шешейін деп жатыр? Біріншіден, алты күн оқып жатқан, яғни сенбі күні демалмай жүрген бір жарым миллионға жуық оқушы бір жылдың ішінде 36 күн демалыс алады. Сенбі күні ата-анасының қасында болып, қосымшаларға барып, білімін дамыта алады, кітап оқып, үйде демалады.

Екіншіден, бізде көп мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Оқу жүктемесінің азайғанына байланысты екі ауысымда оқып жатқан балалардың үш жүз мыңға жуығы бірінші ауысымда оқитын болады. Сонымен қатар жүз елу мыңға жуық мұғалім енді сенбі күні үйінде болады. Олар да демалуы керек. Балалармен жұмыс – өте күрделі жұмыс. Сондықтан 1 қыркүйектен оқу жылының соңына дейін мұғалім шаршайды", – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй