USD
USD
USD

Мұғалімдер "Қазақстан халқына" қорына ақша аудара ма?

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуәлиева әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Мұғалімдер "Қазақстан халқына" қорына ақша аудара ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады. "Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, Білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары бұдан хабардар, сұрақ туындамайды деп үміттенемін", - деп жазды баспасөз хатшысы Facebook-те. 

Сондай-ақ Мөлдір Абдуалиева мұндай мәселе туындаса, тікелей өзіне хабарласуға болатынын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді