USD
USD
USD

Мұғалімдер ереуілге шықты

Перуде мұғалімдер қауымдастығы ереуілге шықты. Наразылар жергілікті билік, қәсіподақпен бір мәмілеге келгісі жоқ екеніне шағымданып отыр

Мұғалімдер ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды 24.kz.  

Алматы, NEGE. Қала көшелеріне жиналған жүздеген мұғалім жалақының өсуін, еңбек жағдайының жақсаруы мен ел президенті Педро Кастильоның отставкаға кетуін талап етті.

Олардың айтуынша, президенттің өзі бұрын мұғалім болғандықтан наразылардың жанайқайын жақсы түсінуі керек. Сондықтан  өзінің сайлауалды уәдесін орындауға міндетті дейді халық.

Айта кетейік, қазір елде инфляция деңгейі шарықтап, қымбатшылық халықты қысып барады.

Данте Висуррага, мұғалім:

- Кастильо мырза қалай мұғалім болғанын түсінбеймін. Оның саяси, әлеуметтік, экономикалық, тіпті мәдени салада да білімі жоқ. Мұғалімдердің де мүддесін қорғамайды. Сондықтан халықтың қамы үшін  орнын босату керек деп ойлаймын.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян