USD
USD
USD

Мұғалімдер 2023 жылдан бастап сабаққа қатысты оқулықтар мен оқу құралдарын таңдай алады

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы бұйрығымен мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенін іріктеу қағидалары бекітілді.

Мұғалімдер 2023 жылдан бастап сабаққа қатысты оқулықтар мен оқу құралдарын таңдай алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді іріктеу үшін баспалар жыл сайын Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығына (БМСҒПО) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің (ӘӘК) кіріспе (демо) нұсқасын беруі көзделіп отыр.

Өз кезегінде Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығы оқулықтардың демо-нұсқаларын мұғалімдер танысуы үшін өз веб-сайтында орналастырады.

Сонымен қатар жыл сайын наурыз-сәуір аралығында білім бөлімдері мұғалімдерге, ата-аналарға және мектеп оқушыларына арналған оқулықтардың көрмелерін өткізеді.

Қағидаларға сәйкес оқулықтар мен оқу құралдарын таңдау Тізімге енгізіледі. Ол бір рет жүзеге асырылады. Одан кейін таңдалған оқулықтар (атауы, баспалары, авторлары) өзгертілмейді. Бір пән бойынша білім беруді ұйымдастырудың параллельді сабақтарында бірдей оқулық пен оқу-әдістемелік кешен қолданылады.

Әрі қарай мектеп кітапханашысы 25 сәуірге дейін оқушылар санына сәйкес қажет оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс береді.

1 мамырға дейін білім бөлімінің жауапты маманы алдағы оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге өтінімнің толтырылуын тексереді, білім беру ұйымдарының контекстінде келіседі және облыстық білім басқармасына, Астана, Алматы және Шымкент қалаларына жолдайды.

Бұйрық 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу