Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мұғалім оқулық авторымен тікелей байланыс орнатады

Білім және ғылым министрлі А.Аймағамбетов оқулық сапасына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Оған сондай-ақ, "Оқулық" орталығының директоры Ғани Бейсембаев та қатысып, қазіргі таңда оқулық мәселесі жайында айтып берді. 

Мұғалім оқулық авторымен тікелей байланыс орнатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Оқулық" орталығының директоры Ғани Бейсембаев оқулықтың сапасын арттыру мәселесіне тоқталды. "Республикадағы 3 млн-нан астам оқушылардың бәрі оқулықпен қамтылды. Оқулық жетіспеушілігі түгел шешілді. Ал сапасына келсек, 11 сыныпқа арналған оқулықтардың 118 авторымен кездесу өткізілді. Мұның шеңберінде әрбір автор мұғаліммен жеке байланыс орната алады. Оқулыққа байланысты сұрақ туындаса, тікелей авторға шыға алады. Әр пән бойынша талқылауға қол жеткізілді. Бұған дейінгі сараптамадан өткен оқулықтардан белгілі бір қателік кеткені белгілі. Мұны қайта сараптамадан өткізу қолға алынды. Жаңа жүйе бойынша оқулықты қабылдау үлкен ыждақаттылықпен жүзеге асады. Оның грамматикасы, стилистикасы және мәдени және психолингвистикалық сараптамадан өтеді. Кейбір оқулықтың ауыр қабылданатыны туралы мәселе бар.Егер сараптамадан өтпесе, кері қайтарылады. Ал өтсе, сынақ мектептерінен өтеді. Содан кейін комиссия жарамды не жарамсыз екенін шешеді. Осы қағидаға байланысты бүкіл автордың, сарапшының, баспаның жауапкершілігі де қарастырылды", - деді "Оқулық" орталығының директоры Ғани Бейсембаев. 

Оқулықты жазуда оның қатарында ғалыммен бірге, мұғалім, методистер болады. Екінші, бұған дейін эксперттер базасына сын көзбен қарап келді. Бұдан былай оған енетін экспертті таңдау байқау негізінде жүргізіледі екен. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.