USD
USD
USD

Мұғалім әріптесінің автокөлігін ұрлаған

Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды polisia.kz.

Мұғалім әріптесінің автокөлігін ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл факт Жаркентте тіркелді. Онда 6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны туралы хабарланды. Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты. Ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, көлікті айдап кеткен.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып алып, заңды иесіне қайтарды. 

Күдікті де білім беру мекемесінің қызметкері және жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Іс бойынша тергеу амалдары  ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе