USD
USD
USD

Мүфтият ЛГБТ мәселесіне қатысты ресми пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі ЛГБТ қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады.

ЛГБТ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы бұл идеологияның ұлттық құндылықтар мен ата-баба дәстүріне қайшы екенін айтты.

"Бұл біздің ұлттық құндылығымызға, салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қайшы дүние. Батыстан келіп, біздің елімізде көрініс беріп жатқан арсыздыққа тосқауыл қоюымыз керек. Ата-баба дәстүрін сақтайтын азамат ретінде біз бұған қарсымыз. Өйткені, бұл арсыздық. Үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен", – деді бас мүфти.

Бас мүфтидің сөзінше, елімізде әйелдер құқығын қорғау және жыныстық зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен азғындықты насихаттап, отбасы институтына қауіп төндіретін топтар пайда болған.

"Шариғат тұрғысынан ЛГБТ-ның әрекеттері харам. Бұл адамның жаратылысына қайшы келетін арсыздық. Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын өзгертсе, Алланың лағынетіне ұшырайды. Ондай адам шын жүректен өкініп, емделуі керек. Тәубе етпесе, намаздан бас тартса, ол өте ауыр азапқа ұшырайды", – деді мүфти.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу