Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

М.Тілеуберді: Ресеймен қарым-қатынасымыз ерекше, ал Украинамен доспыз

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «24Хабар» арнасына сұхбат беріп, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты.

М.Тілеуберді: Ресеймен қарым-қатынасымыз ерекше, ал Украинамен доспыз
Фото: NEGE.kz

«Қақтығыс басталған алғашқы күндері-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен де Украина президентімен де телефон арқылы сөйлесті. Тараптарды мәселені бейбіт шешуге шақырды.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстанның Ресеймен тарихи, экономикалық, саяси, мәдени және гуманитарлық байланысы қалыптасты. Әлемдегі ең ұзын шекарамыз бар екенін ескеріп, Ресеймен арада қалыптасқан сауда-экономикалық көрсеткішті сақтауымыз керек.

Жалпы алғанда, бұл мемлекеттер біздің стратегиялық әріптестеріміз. Қақтығыс тоқтаған соң екі жаққа да тиімді әріптестікті Украинамен жалғастыруға мүдделіміз.

Екі ел арасындағы әскери қақтығыс қазақстандықтардың жүрегін ауыртты», – деді М.Тілеуберді.

Сондай-ақ ол санкцияларды қолдамайтынын, мұның «халықаралық қысым жасау тәсілі екен» айтты.

Мұның алдында Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов еуропалық ақпарат құралына сұхбат беріп, соғысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын айтқан. Бұл халықаралық аренада бірақ толқу тудырды. Әсіресе, ресейлік саясаткерлер қатты тулады.

Ал Сыртқы істер министрі М.Тілеубердің «сипай қамшылаған» сұхбаты соны жуып-шаю сияқты көрінді...  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев