Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мотоцикл қағып кеткен әйел көз жұмды

Алматыда әйелді баласымен бірге мотоцикл мінуші қағып кетті.

Мотоцикл қағып кеткен әйел көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаменті 19 шілде күні сағат 22:00-де Бостандық ауданында орын алған оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді.

«1962 жылы туған Г есімді DUKE BLACK мотоцикл жүргізушісі Сәтпаев көшесімен №4 ғимаратқа қарама-қарсы батыс бағытымен келе жатып Республика алаңында 2 жолаушыны қағып кетті. Ол 1976 жылы туған Н есімді жаяу жүргінші және қасында 2015 жылы туған М есімді кәмелет жасына толмаған жеткіншек баласы болған. Жол апаты салдарынан жарақат алған анасы мен баласы қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды, ауыр жарақаттан әйел сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Тергеу жұмыстары басталды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Қазір оқып жатыр

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Нұрсұлтан Назарбаев бел омыртқасына ота жасатқан

Құрылтай сайлауы

Тоқаев жаңа Үкімет жөнінде: «Медиадағы контент үшін ауыс-түйіс жасаудың қажеті жоқ»

Үкімет