USD
USD
USD

Мопедті ұрлаған бойда сатып жіберген шымкенттік ұсталды

Мопедті ұрлай салып, сатып жіберген шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мопедті ұрлаған бойда сатып жіберген шымкенттік ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұран АПБ-ға “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында құны 430 мың теңге тұратын Samurai мопеді ұрланғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Оқиға болған маңдағы бейнекамераларды тексеру кезінде жедел басқару орталығының инспекторлары жүк салғышына мопед артқан жеңіл көлікті байқады. Оның алған бағыты мен жүрген ізіне түсіп, тоқтаған соңғы нүктесін анықтады.

Көрсетілген мекенжайға жедел-тергеу тобы барғанда бірнеше бөлшекке бөлінген мопедті тапты. Ер адам жауабында көлік құралын досынан сатып алғанын және оның ұрланған мүлік екенінен хабары болмағанын жеткізді. Полицейлер 1 тәулікке жетпей нағыз ұрының жеке басын анықтап, оны қала аумағында қолға түсіріп, полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын, мопедті ауладағы көлік тұрағынан көше бойына шығарып, сатып алушының автокөлігіне тиеп жіберген.

– 42 жастағы азамат бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда іс бойынша жинақталған құжаттар барлық айғақтармен бірге сотқа жолданды, – деді анықтаушы Қажымұрат Халил.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс