USD
USD
USD

Мопедті тіркеуге қандай құжаттар қажет?

Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұйрықтың жобасын жариялады, онда мопедті тіркеуге қажетті құжаттардың тізімі көрсетілген.

Мопед
Фото: kolesa.kz

Алматы, NEGE. Ең әуелі азаматтар жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды нысандағы құжатты алуы қажет. Сонымен қатар Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.

– техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;

– транспорт иесінің өтініші;

– көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.

Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады.

Қазір оқып жатыр

«Бір айдан кейін қайта төсеудің қажеті қанша?»: Алматыда аялдамадағы плиткаға қатысты түсініктеме берілді

Скрин

Базалық мөлшерлеме төмендеді: банктер несие пайызын қашан азайтады?

Банкир

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева