USD
USD
USD

Мопед жүргізушілері де автокөлік жүргізушілерімен бірдей жауапкершілікке тартылады

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізіледі.

Мопед
Фото: kolesa.kz

Алматы, NEGE. Мопедтерді басқару үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден және жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сонымен қатар азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.

Тағы бір маңызды талап – «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу. Ол «А», «В» және «С» санатындағы жүргізушілерге қосымша дайындықсыз автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ жүргізуші куәлігіне қатысты мәселелерді шешуге 6 ай уақыт беріледі.

Бұл ретте мопед жүргізушілері де автокөлік жүргізушілері сияқты жауапкершілікке тартылады. Бұрын жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін олар басқа жол қозғалысына қатысушылар сияқты ӘҚБтК-нің 615-бабына сәйкес 2 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланатын. Енді ереже қабылданғаннан кейін автокөлік жүргізушілері секілді мопед жүргізушілеріне де барлық жауапкершілік жүктеледі. Мәселен, тыйым салынған бағдаршамнан өткені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 599-бабында көзделген 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қазір мас күйінде мопед жүргізу ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Оған сәйкес қоғамдық орындарға мас күйінде шыққандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ереже қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері ӘҚБтК-нің 608-бабы – жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Көп күткен жеміс те пісті. Андрей Тимченконың бизнесі НЕГЕ өрлей бастады?

N1

Назарбаев тағы да КТК арнасынан дивиденд алмайтын болды

Назарбаев

Павлодар облысында көлдер мен су қорғау аймақтарын жекеменшікке заңсыз бермек болған

Көл

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск