Монополиядан НЕГЕ шаршамадық? Қауымдастық Бас прокурорға жүгініп отыр

Бүгін «Қаржылық технологиялар мен инновациялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Бас прокурор Берік Асыловқа хат жолдады. Қауымдастық жетекшісі Ирина Давиденконың қолы қойылған хатта Қазақстанда заңсыз монополия құруға талпынып жатқан жағдай туралы баяндалады.
Қауымдастық Берік Асыловтан Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 18, 35 және 36-баптарына сәйкес, заң бұзушылықтарға ықпал ететін фактілер бойынша прокурорлық қадағалау шараларын қабылдауыңызды, сондай-ақ құзырлы құқық қорғау органдарына нұсқау беру және ұсыну арқылы кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.
-
-
Тақырыпқа орай: Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
-
Әңгіме елімізде құрылғалы жатқан Біріңғай есепке алу жүйесі (БЕЖ) турасында. Ол бойынша төлемдерді ұйымдастырушылар мен пари қатысушылары арасында бір сөзбен айтқанда делдал, яғни «оператор» құрылады. Қаржылық технологиялар мен инновациялар қауымдастығының жазуынша, бұл схема заңсыз.

«Егер БЕЖ енгізу бойынша заңсыз схема жүзеге асырылса, бұл Қазақстан Республикасы үшін қайтымсыз салдарға әкеледі. Бірнеше саладағы салықтардың азаюы және нарық субъектілеріне монополия үшін өтемақы төлеу салдарынан мемлекеттік бюджет қаржылық шығынға ұшырайды. Қазақстанның халықаралық қаржылық рейтингтері төмендейді. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы күрт нашарлайды. Басқа да бірқатар халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның орны әлсірейді. Пари нарығын реттеу желеуімен, жалған деректер мен бұрмаланған қызметтік жазбалар негізінде, қазақстандық заңды кәсіпкерлерді нарықтан ығыстырып, бір ғана алдын ала анықталған «генеральды мердігерге», яғни болашақ «жалғыз операторға» көп триллиондық төлем нарығы берілмек. Бұл оператор ресейлік құрылымдарға тиесілі, әрі халықаралық санкцияларға іліккен», – деп жазылған қауымдастық хатында.
Осыған орай, қауымдастық Бас прокурор Берік Асыловтан БЕЖ-ді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны таңдау конкурсының заңдылығына тексеру жүргізуді, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ойын және лотереяны реттеу комитеті мен «Nomapay» ЖШС және Ресейлік ЦУПИС арасындағы ықтимал коррупциялық байланыстарды тергеуді, БЕЖ нормасын енгізуге байланысты барлық заң шығару процедураларын тексеруді сұрап отыр.

Онымен қатар, қауымдастық Президент пен Премьер-Министр атына жазылған қызметтік жазбалардағы деректердің шындыққа сәйкестігін тексеріп, оларды жария түрде талқылауға шығаруды және хат авторларымен жеке кездесу өткізіп, қауымдастықтық қолындағы дәлелдер мен дәйектермен танысуды сұрап отыр.
БЕЖ енгізуге қатысты жұмыс тобының отырыстары барысында Ұлттық банк бұл функцияларды жекеменшік серіктеске беруге қарсы екенін ресми мәлімдеген болатын. Сондықтан мемлекетттік органдар арасында да бұл іске қатысты ортақ позиция жоқ.