USD
USD
USD

Монополия заңын бұзған компанияларға айыппұл салынды

Қытай билігі елдің іір IT корпорацияларына қарсы қатысты 43 істі қарастырып жатыр. 

Монополия заңын бұзған компанияларға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олар монополияға қарсы заңнаманы бұзған. Бұл туралы сенбі күні ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы мәлім етті

Alibaba, Tencent, Baidu және т.б. сияқты Қытайдың ірі IT компаниялары монополияға қарсы заңнаманы бұзған. Олар 500 мың юань (шамамен 78 мың доллар) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәлімдемесінде аталған істердің қаралуы «нарық қатысушылары арасындағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етеді, оны әрі қарай жетілдіре түседі, сонымен қатар кәсіпорындар мен салалардың тұрақты және әділ дамуына ықпалдасады» делінген.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні Бейжіңде ҚХР мемлекеттік монополияға қарсы басқармасының құрылып, жұмысын бастағаны туралы хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран