USD
USD
USD

Мониторинг тобы 100 адам жиналған екі тойды тоқтатты

  Алматыда мониторинг тобы жүз адам жиналған екі үйлену тойын тоқтатты.

Мониторинг тобы 100 адам жиналған екі тойды тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі күні мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы қаласындағы мониторинг тобы қарқынды жұмыс істеуде. Өткен тәулікте мониторинг тобы белгіленген шектеулерді бұзған 13 нысанды анықтады. Оның 9-ы мейрамхана, дәмхана мен дүкен және төртеуі - компьютерлік клуб. Аудандық полиция басқармасына барлығы 25 адам жеткізілді.

Анықталған бұзушылықтар арасында: - Әуезов ауданында «Шашлычная на Яссауи» дәмханасы жұмыс істеген, онда шамамен 40-қа жуық келуші болған. - Бостандық ауданында «G-Play» компьютерлік клубы қызмет еткен, онда 50-ге жуық адам болған. - Медеу ауданында «Айлин» банкет залы қызмет еткен, онда 40-қа жуық адам болған.

- Медеу ауданында «Ритм» банкет залы қызмет еткен, онда шамамен 50-ге жуық адам болған. «Кеше 2 үйлену тойы тоқтатылды. Мейрамханаларда адамдардың жаппай жиналғаны анықталды. 100-ге жуық қонақ болған, оның ішінде жұқтыру қаупі әлдеқайда жоғары топтағы егде жастағы адамдар да, балалар да бар. Қала тұрғындарын өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», - деді Медеу ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының мүшесі Қайрат Нұрқасымов. 19 наурыз бен 6 сәуір аралығында 470 мекеме карантин шарасын бұзған.

Анықталған нысандардың жалпы санының ішінде мыналар бар: 308 мейрамхана, дәмхана мен дүкен, 78 компьютерлік клуб, 12 бильярд клубы, 37 СПА-салон, 21 сауна, 2 кальян бары, 11 караоке клубы, 3 лото клубы, 5 түнгі клуб. 2435 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру