Моңғолиядан келген қандастарды балағаттаған павлодарлық тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қандастарды балағаттаған павлодарлық қыздың үстінен ұлтаралық араздық тудырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Алматы, NEGE. "2023 жылғы 1 мамырда Инстаграмдағы әлеуметтік желілердің мониторингі барысында @nastya_brovkapvl парақшасында бейнежазба жарияланып, онда азамат әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, Моңғол халық Республикасынан келген қандастарға теріс сөз сөйледі. Бұл факт Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық әйел болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды", - деп жазды Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Роман Скляр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.