USD
USD
USD

Моңғолияда адамды бір күнде өлтіретін бубон обасы тарай бастады

Коронавирус пандемиясымен сәтті күресіп келген Моңғолия енді бубуон обасының таралуына байланысты карантинге жабылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Моңғолияда адамды бір күнде өлтіретін бубон обасы тарай бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің батысындағы Ховд аймағының екі сомонында белгісіз мерзімге карантин енгізілді.

Бұл жақта суыр етін жеген моңғолдар жұқпалы кеселге тап болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болып, бір жас қыз ауыр жағдайда жатыр.

Бойжеткен 60 адаммен тікелей қатынаста болып, 400-дей адамммен жанама қатынаста болған болуы мүмкін, деді елдің Ұлттық зоонозды жұқпалы аурулар орталығы.

2019 жылдың көктемінде Моңғолияда суыр етін шикідей жеген отбасылық жұп бубон обасынан қайтыс болған.

Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру.

ДДСҰ дерегінше, бұл ауру дер кезінде ем жасалмаған жағдайда ересек адамды 24 сағаттың ішінде өлтіре алады.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон