USD
USD
USD

Моңғолия президенті қазақтарды Наурызбен құттықтады

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга елдегі қазақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Президенттің құттықтау сөзі моңғол және қазақ тілінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Моңғолия президенті қазақтарды Наурызбен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Наурыз мейрамы құтты болсын!

Қаһарлы қыстың суық күндерін артқа тастап, көктемнің жайма шуақ күнімен қауышып жатқан қуанышты сәтте Моңғол Елінің түпкір түпкірінде өмір сүретін барлық қазақ аға-бауырларды Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 2010 жылғы мәжілісі "Халықаралық наурыз күні" дүниежүзілік деңгейде белгілеп тойлау туралы шешім қабылдаған. Наурыз барша адамзаттың ортақ мәдениеті, рухани мұрасы.

Ана тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын ғасырлар бойы сол қалпында сақтап, басқаға үлгі болып келе жатқан Моңғолия қазақтары арасынан дүние жүзіне еліміздің атын шығарған, әлемге танымал еңбек майталмандары, мемлекеттік және мәдениет, өнер саласының қайраткерлері, ғалымдар көптеп туып шыққаны бәрімізге мақтаныш.

Қазақ халқының ата-бабадан жалғасып келе жатқан мақтан тұтар тарихын, еңбек жолын қазақ жастары алдағы уақытта жалғастырып, Отанымыздың гүлденіп-өркендеуіне қомақты үлес қосады дегенге кәміл сенемін.

Барша қазақ халқы домбырасын қалықтатып, айтыс ән мен күйін шарықтатып, ауыл-аймақ ақсақал-қарттарға құрмет көрсетіп, бала-шаға отбасымен түгел аман-есен болуларыңызды тілеймін.

Аспан көктің серісі алап қыран тағдырлас асыл Қазақ халқының ісі үнемі ілгері жүріп бақ бақыты тасқындай берсін", - делінген президент құттықтауында. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар