USD
USD
USD

Моңғолдар көбейіп келеді

Алдын ала мәлімет бойынша, 2019 жылдың соңында Моңғолия халқының саны 63,1 мың (1,9%) адамға артып, 3,3 миллион адамға жетті. Моңғолияның Ұлттық статистика басқармасы осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Montsame басылымы.

Моңғолдар көбейіп келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Туу коэффициенті - мың адамға шаққанда 24,3 болса, өлім коэффициенті – 5,2. Халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 19,1-ді құрап отыр.

2018 жылмен салыстырғанда бала туу коэффициенті – 0,1 пайыздық тармаққа, бала туу коэффициенті – 0,2 пайызға төмендеген.

2019 жылы елде 80 мың 251 шақалақ дүниеге келсе, оның 78 мың 223-і немесе 97,5% – Моңғолияда, қалған 2 мың 28-і немесе 2,5% – шетелде дүниеге келген.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот