USD
USD
USD

Мона Лиза жайлы фильм түсіріледі

Американдық актриса, режиссер  Джоди Фостер «Мона Лизаның Луврдан ұрлануы» жайлы фильм таспалауды қолға алды. Кинотуынды шынайы оқиғалар негізінде түсірілмек.

Мона Лиза жайлы фильм түсіріледі
Фото: NEGE.kz

Фильмнің сюжеттік желісі Сеймур Рейттің «Мона Лиза ұрланған күн» атты кітабы бойынша баяндалады. Леонардо да Винчидің  «Мона Лизасы» Луврдан 1911 жылдың тамыз айында  ұрланған болатын. Картинаны екі жылдан кейін Флоренциядан тапқан. Осы оқиға негізінде продюсер әрі кәсіби режиссер атанған Джоди Фостер фильм түсіреді.

Айта кетейік, суретші Винченцо Перуджиа картинаны ұрлағаннан кейін, Париж полицейлері іздеу салып «Джоконданың» 6,5 мың суретін түрлі газеттер мен журналдарға басып шығарады. Осы оқиғаға дейін қазір аса құнды туынды ретінде бағаланатын картина туралы ақпарат тек интеллигенттер ортасына ғана мәлім еді.  Екі жылдан соң ұсталған ұры бар болғаны әділеттілік орнағанын қалайтынын айтып, өзін ақтамақ болады. Оның ойынша, Наполеон ұрлап кеткен шедевр туындыны Италияға қайтару қылмысқа баланбауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.