Референдум Референдум
USD
USD
USD

Молдовада президентті сайлау мен ЕО-ға қатысты референдум өтіп жатыр

Жергілікті заңнамаға сәйкес, егер сайлаушылардың қатысу деңгейі 33,3 пайыздан асса, президентті сайлау өтті деп танылады.

Референдум
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Молдовада президенттік сайлау мен Еуропа одағына қосылуға қатысты референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскелері ашылды, деп жазады РИА Новости.

Жергілікті заңнамаға сәйкес, егер сайлаушылардың қатысу деңгейі 33,3 пайыздан асса, президентті сайлау өтті деп танылады. Референдум өткізу үшін де осындай көрсеткіштер қажет.

Таңертең Молдова аумағында 2,2 мыңнан астам сайлау учаскесі, сондай-ақ шетелде 234-і жұмысын бастады.

Заңға сәйкес егер бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы сайлаушылардың жартысынан көбінің қолдауына ие бола алмаса, онда екі аптадан кейін ең көп дауыс жинаған екі кандидат арасында екінші тур өтуі тиіс. Бұл ретте сайлаудың екінші кезеңі 3 қарашада өтуі мүмкін.

Мемлекет басшысы лауазымына 11 кандидат тартысқа түсіп жатыр, олардың арасында қазіргі президент Майя Санду да бар.

Сонымен қатар, референдум аясында республика тұрғындары «Сіз Молдова Республикасының Еуропа одағына кіруі үшін конституцияны өзгертуді қолдайсыз ба?» деген сұраққа жауап беруі керек.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда