USD
USD
USD

Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Әнші Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатыр.

Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әнші жанкүйерлерден өздерін күтіп, мұқият болуларын сұрады. 

"Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді... Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым. Бірнеше уақыттан бері біз COVID-19 жұқтырып ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір. Сіздерге өтініш, сақтанып жүріңіздерші! COVID өршіп тұр. Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы. Бетперде шешпей киіп жүріңіздерші! Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды. Алла жұртымыздың амандығын берсін! Сырқаттарға шипасы мен жеңілдігін берсін! Сақ болайық! Аман болайық! Сау болайық!", - деп жазды әнші парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқаратын болды

Ерсайын Нағаспаев

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс

Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Ерсайын Нағаспаев

Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан паспорт үшін заңсыз ақша алған

қос азаматтық