USD
USD
USD

Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады

Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Әнші күйеуімен ажырасып кеткенін мойындады.

Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мөлдір Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Әнші «Тұрмыстасыз ба?» деген сауалға: «Жоқ» деп жауап берді. Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті. 
Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.

«Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. 

Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді! Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын»,  – деп жазба қалдырды ол. Мөлдір болашақта әншілікті біржола тастайтынын хабарлады.

Айта кетейік, әнші 2020 жылы екінші рет тұрмыс құрған  болатын. Әуелбекова 2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді.  Әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы