USD
USD
USD

Moderna екпесі салына бастады

Болгария Moderna вакцинасын еге бастады.

Moderna екпесі салына бастады
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Ел астанасы Софиядағы аналарға арналған ауруханада жүзге жуық медицина қызметкері екпені қабылдады. Өткен аптада ғана еуропалық мемлекет 2400 доза алдырған болатын. Енді «Модернаның» тағы 4 мың дозасы жеткізілуі тиіс. Негізі Pfizer-BioNTech вакцинасын дәрігерлерге салу ісіне 27 желтоқсанда кіріскен еді. Алдағы айда қарттар үйлерінің тұрғындары мен мұғалімдерді вакциналау басталады.

Билік халықтың 30%-і екпені жыл ортасына дейін қабылдайды деп сенеді. Болгарияда 210 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 8 мыңнан астамы көз жұмған. Індет өршіп тұрған шақта елдің батысында ортодоксалдық Жаңа жылға арналған фестиваль өтті. Бұл елді мекен ел астанасынан 60 шақырымдай жерде орналасқан. Жиналғандар алау отты айнала билеп, көңіл көтерді. Бұл мереке негізі жыл сайын тойланады. Биыл да белсенді болгарлар карнавалды коронавирусқа қарамастан атап өтті. Олар «керісінше, осы рәсімдер арқылы 2021 жылдың жақсы болуына атсалысамыз» деген пікірде. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай