USD
USD
USD

Модельдің жасын анықтау мүмкін емес

Кеңес дәуірінің атақты актрисасы Фаина Раневская «Куәлік деген - бір бәлекет, адамның үнемі өз он сегізі болуы керек. Ал куәлік сенің он сегіз жастағыдай өмір сүру керектігіңді еске салатын қағазы ғана болсын» деген екен. Шынында қанша жаста болса да қартаймайтын нәзік жандылар баршылық. Солардың қатарында ағылшындық модель Шани Хаган көш бастап тұр.

Модельдің жасын анықтау мүмкін емес
Фото: NEGE.kz

Шани Хаган 50 жасында «Ғаламшар күлкісі» байқауының вице-мисі атанған болатын. Ол өзін көпшіліктің егде жастағы әйел ретінде емес, жас қыз ретінде көретінін жиі айтады. Модель 18 жастағы ұлымен серуендеп жүрген кезде әпкесі деп ойлап қалады екен. Жасымен елдің таңданысын туғызған Шани Хаган ешқашан ботокс не басқа дәрі салдырмағанын айтады. Жан-жағындағы нәзік жандылар қауымы оған қызғанышпен қарайды екен. Бұл - модельдің өзіне ұнамайтын кемшіліктің бірі.

«Менің достарым болған емес. Әйелдер менен күйеуін қызғанады. Күйеуін тартып алатын Лолита секілді көреді», - дейді ол.

Айтуынша, сұлулығымен ер адамдардың көзі көп түскендіктен, өзінің де некесі бұзылған.

«Мен 21 жастан кейін көп өзгерген жоқпын. Мені адамдар сол жаста деп қабылдайды. Бәрі қарапайым. Менің жүйкемді тоздыратын адамым жоқ. Қартаймауымның себебі сол. Бетіме әжім түспеуінің себебі - ұйықтар алдында балдан жасалған маска жасаймын. Одан бөлек жеміс-жидектерді көп жеймін. Күндіз суды көп ішемін. Уақытылы ұйықтаймын», - дейді модель.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.