USD
USD
USD

Мобильді қосымша арқылы аударым жасаған кәсіпкерлерге салық салынады

Қазақстанда кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы картадан картаға жіберілетін ақша аударымдарына салық енгізу жоспарлануда.

Мобильді қосымша арқылы аударым жасаған кәсіпкерлерге салық салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

"Сонымен қатар, кәсіпкерлердің тұтынушылардан банктік мобильді қосымшалар арқылы алатын ақша аударымдарын фискализациялау мәселесін шешуге баса назар аудару қажет. Біз қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуы жақсы қарқынмен жүріп жатқанын көріп отырмыз, олардың саны екі есеге артқан. Бірақ, мобильді қосымша арқылы ақша айналымын жүзеге асырып отырған кәсіпкерлер де салық төлеуі керек", - деді Әлихан Смайылов қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Ол салық салу қазіргі кезде кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктерді ескере отырып жүргізілуі керек екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі