USD
USD
USD

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қазақстанда банкаралық мобильді аударымдардың бір операциясына белгіленген лимитті 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін арттыру ұсынылды.

Қоңырау
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді. 

Ұсыныс 19 шілдеде іске қосылған Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысты болып отыр. Жүйе арқылы азаматтар әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі бойынша ақша аударып, бірыңғай QR арқылы төлем жасай алады.

«Өзгерістер жобасы жария талқылауға шығарылды. Бір транзакцияның лимитін 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін арттыру ұсынылып отыр. Құжат қабылданса, жаңа ережелер қазан айынан бастап күшіне енуі мүмкін», – деді Бинұр Жәленов.

Бұл ретте 1 млн теңге лимиті бір ғана операцияға қатысты болады. Банктер өздерінің ішкі тәуекелдерді басқару талаптарына сәйкес қосымша шектеулер енгізе алады. Ал пайдаланушылар мобильді қосымша арқылы жеке аударым лимиттерін өздері белгілей алады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева

Қазақстанда стейблкоиндерді халықаралық саудада пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ

Стейблкоин