USD
USD
USD

Мобильді аударым 255 мың теңгеден асса, салық органы тексеретін болады

Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттары қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

Мобильді аударым
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үш ай бойы 100 адамнан мобильді аударым қабылдап келгендердің, ақша аударымдары үш еселенген, ең төменгі жалақыдан асқан жағдайда ол адам тәуекел тізіміне енгізілуі мүмкін.

Министр бұл ұсыныс Үкіметте қаралып жатқанын жеткізді.

Осы орайда министр кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартын еске салды. Оған сәйкес, бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 процентке жетті.

Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл - барлық операцияның 17 проценті.

Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны төрт есеге өсіп, 2023 жылы 11 айдың ішінде 127,4 трлн теңге болды.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.