USD
USD
USD

Милад Карими үш бірдей финалдық сынға жолдама алды

Токио Олимпиадасындағы көпсайыс финалында бақ сынады деп жазады Olympic.kz. 

Милад Карими үш бірдей финалдық сынға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Карими іріктеу қорытындысы бойыншы үш финалдық сынға жолдама алды. Атап айтар болсақ, қазақстандық гимнаст көпсайыс, еркін жаттығу және гиимнастикалық кермедегі жаттығудан ақтық сынға өткен болатын. 

Милад  көпсайыстағы алғашқы жаттығуды шығыршықта орындап, 12. 866 ұпай жинады. Кейін қол тіреп секіруден 14.066,  қоссырықтағы жаттығудан 13.966 ұпай еншіледі. 

Гимнастикалық кермедегі жаттығудан 13.333 ұпай еншілесе, еркін жаттығудан 15.055 ұпайға қол жеткізді. Бұл осы жаттығу бойынша барлық финалистер арасындағы жоғары нәтиже екенін айта кеткен жөн.

Милад гимнастикалық ат снарядындағы жаттығуы үшін 13.266 ұпай, жалпы есебі 82.530 ұпай жинап, қорытынды есепте 14-ші орын алды.

Көпсайыстағы алтын жүлдені жапониялық Даики Хашимито (88.465) еншіледі. Күміс медаль қытайлық Руотен Сяоның (88.065), қола медаль ресейлік Никита Нагорныйдың (88.031) еншісінде. 

Айта кетелік, еркін жаттығу бойынша финалдық кезең 1 тамызда, гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша ақтық сын 3 тамызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Науқас