USD
USD
USD

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында өткен аралас жекпе-жектен 77 кг дейінгі салмақтағы финалдық кездесуде отандасымыз Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. 

Еркінғали Бүркіталин
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. ММА-дің дәстүрлі стилі бойынша сынға түскен Еркінғали финалда бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевті айқын басымдықпен жеңді, есеп 3-0 болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Осылайша, қазақстандық спортшылар Азиаданың бесінші алтын медалін жеңіп алды. 

MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына енгізіліп отыр. Жерлесіміз Санжар Әділов 21 тамыз күні ХХ жазғы Азия ойындарында ММА-дің дәстүрлі стилі бойынша алғашқы қоланы жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тарихи медаль салды.

4 қазанға дейін жалғасатын XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан атынан 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық