USD
USD
USD

Митингтерде барлығы 55 адам ұсталған

«Кеше шерушілер билік органдарының талаптары мен ескертулеріне құлақ аспағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласында 23 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді» деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз-қызметі.

Митингтерде барлығы 55 адам ұсталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ІІМ мәліметінше, ҚР Бас прокуратурасының ескертуіне қарамастан, кей азаматтар арандатушылыққа еріп, заңсыз наразылық акцияларына қатысқан.

Нұр-Сұлтан қаласында ондаған адам Республика алаңы мен Абай көшелерінің қиылысында жиналып, заңсыз митинг өткізген. Ал Алматы қаласында митинг Қазақстанның Тәуелсіздік монументі жанында өтті.

Жергілікті атқару органдарының митинг өткізуге заңдық негізі жоқ деген ескертпесін елеместен, жиылған көпшілік Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының көшелерімен шеру құрып жүрген. Осындай іс-әрекеттері арқылы олар мереке күні тынығып жатқан азаматтардың тыныштығы мен демалысына нұқсан келтірген деп жазады, ІІМ баспасөз-қызметі.

Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылуда.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы